Ертең футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындары басталады.

14-ші ақпан күні «Бенфика» өз алаңында дортмундық «Боруссиямен» күш сынасса, «Барселона» сырт алаңда ПСЖ-мен кездеседі. Каталондық пен париждік клуб арасындағы кездесуді «ОҢ ТВ» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтың басталу уақыты - 01:45.