Сноубордтан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері жүлдеден үмітті.

- Азия ойындарына баратын спортшылар анықталды ма?
- Желтоқсанда өткен Еуропа Кубогының нәтижесі бойынша спортшылар іріктеліп қойған. Қарсыластарды көріп, зерттедік. Жапония, Корея мен Қытай құрамасы мықты. Азиадада медаль ұтуға тырысамыз, шамамыз жетеді.
- Универсиадада өнер көрсеткен спортшылар барады ғой алдағы жарысқа?
- Иә, екі адамнан басқа. Болашағынан үлкен үміт күттіретін Владислав Зуев деген жігітті құрамаға алдық, өзі 2001 жылы туған.
- Сноуборд жарысының қай түрінен сайысамыз?
- Параллель гигант слалом және параллель слалом жарысында сынға түсеміз.