«Реал Мадрид» клубының ресми сайтының хабарлауынша, жартылай қорғаушы Гарет Бэйл бүгін мадридтік команданың жалпы тобымен жаттығуын бастады.

Валлийлік футболшы 2016 жылдың қараша айында жіліншігінен жарақат алған. Содан бері ол алаңға шықпады.Бұған дейін «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Бейлды Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңіне жарақатынан сауығып үгермейді деген болатын.
Айта кетейік, «Реал» 15 ақпан күні Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» алаңында италиялық «Наполимен» кездеседі.