Испания примера дивизионының 22-ші турында андалусиялық «Севилья» «Лас-Пальмасты» ұтты.

Кездесу Лас-Пальмас-де-Гран-Канарияның «Гран Канария» алаңында өтті. Кездесу 0:1 есебімен «Севильяның» пайдасына аяқталды. Ойынның 80 минутында жалғыз голды Хоакин Корреа соқты.Айта кетейңк, «Севилья» Испания чемпионатында 46 ұпаймен үшінші орында келе жатыр.