«Қайсардың» капитаны Мақсат Байжанов армениялық «Бананц» ойыншысының арандатуына беріліп, топтық төбелес тудырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның 29-шы минутында қарсылас ойыншы Мақсаттың арқасынан итерді. Жерлесіміз көп ойланбай есесін берді. Төбелес тек футболшылармен шектелмеді. Екі клубтың бапкерлері мен қосалқы құрам ойыншылары да төбелеске араласып сұмдық болды. Ал бас төреші қазақстандық ойыншыға қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды.
Айта кетейік, «қасқырлар» аталмыш ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті.