Миландық «Интердің» шабуылшысы Эдер «Эмполиге» (2:0) қарсы кездесуден кейін өз пікірімен бөлісті.«Біз жақсы ойнап, үш ұпайды еншіледік. Мен команданың көшбасшысы емеспін. Көшбасшы болу - нақты бір ойын өрнегін көрсету. Және көшбасшылар мен сияқты қосалқы құрамда жиі отырмайды. Команданың қазіргі бағыты дұрыс. Қалған ойындарды ұтып жүлделі орыннан көріну керек», - деді Эдер.