«Милан» «Эвертон» шабуылшысы Ромелу Лукакуға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Daily Star.

Жақын күндері екі команда өкілдері келіссөзді бастайды. Екі команда келісіп жатса Лукаку жазда «Милан» ойыншысы атануы мүмкін. Италияндық клуб басшылығы 23 жасар Бельгия құрамасының ойыншысы команда лидері бола алатынына сенімді.

Биылғы маусымда Лукаку «Эвертон» үшін 26 ойын өткізіп, 17 гол соққан.