Дортмундтық «Боруссияның» бас бапкері Томас Тухельге «Арсенал» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Daily Mirror.

Лондондық клубтың басшылығы Арсен Венгердің орнын басатын маман іздестіруде. Франциялық бапкер осы жазда қызметінен кетуі мүмкін. Екіжақ әлі келісімшарт жасаспаған. Жақын уақытта лондондық клуб Тухельмен келіссөзді бастайды деп күтілуде.