Жапонияның Саппоро қаласында өтетін VIII қысқы Азия ойындарына қатысатын спортшыларымызды шығарып салу рәсімі Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Шығарып салу рәсімі 11 ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады деп жоспарланған. Шара барысында делегацияның ту ұстаушысына мемлекеттік ту тапсырылып, ту ұстаушы спортшы ант оқиды. Сондай-ақ, шара барысында баспасөз маслихаты өтеді.

2017 жылы Саппорода өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының сапында Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Роман Креч (конькимен жүгіру спорты), Дмитрий Рейхерд (фристайл) сынды атлеттер, шайбалы хоккейден ерлер және әйелдер командалары бар. VIII қысқы Азия Ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азия ойындары Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді.