Танымал голливудтық актер Кит Миддлбрук бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер мен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин арасындағы кездесу қашан болатыны жайлы айтып берді.

Бұған дейін Миддлбрук ресми түрде өзінің твиттер-парақшасында кездесудің жарнамасын жасады. Оның айтуынша, боксшылар биыл жазда АҚШ-та кездеспек.

«Екі жақ келісімге келді». Жақында сіздер мұны жаңалықтардан еститін боласыздар. Бастысы бұл жаңалық туралы ең бірінші мен айттым. Осыны ұмытпаңыздар. Сіздер мені қайталауларыңызға да болады. «Флойд пен GGG арасындағы жекпе-жек 2017 жылдың маусымында Лас-Вегаста өтеді», - деді Миддлбрук.

«149 фунт. Ол үшін Головкин 10 фунтқа төмен түсуі керек. Флойд жеңеді. Өйткені, ол 149 фунтта өзін еркін сезінеді. Ол өз жекпе-жектеріне басқа боксшыларға қарағанда мықты дайындалады. Менің ойымша, Флойд Головкинді оңай жеңеді», - деп пікірін білдірді актер.

Айта кетейік, кіші Флойд Мейвезер он жылдан бері Миддлбруктың жақсы досы. Ол "Железный человек 2", "Человек, который изменил все", "Очень плохая училка", "Трансформеры 3" секілді 35 фильмге түскен атақты актер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін егер Головкин Андре Уордты жеңсе, кіші Майвезер қазақстандық боксшымен кездесеуі мүмкін екенін айтып өткен.