Алматыдағы қысқы Универсиадада керлингтен қыздар арасындағы сайыс аяқталды.

Финалда Ресей мен Канада құрамалары кездескен. Канадалықтар 8:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл жарыстың қола жүлдесін шведтер жеңіп алды. Ал Қазақстан құрамасы сайысты соңғы, 10-шы орында аяқтады.