Алматы қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиаданы шетелден 30 мыңнан астам адам келіп тамашалап жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Halyknews.kz сайтының жазуынша, Алматыда өтіп жатқан спорт додасына шетелден барлығы 32 мыңға жуық адам келген. Олардың 3072-сі спортшылар мен аккредитация алғандар. «Шетелдік азаматтардың құжатын рәсімдеу үшін барлық жағдай жасалған. Оларға ыңғайлы болу үшін әуежайда, жарысқа қатысатын командалар тұрып жатқан қонақүйлерде көші-қон полициясының уақытша бекеттері ұйымдастырылды», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.