Хоккейден Универсиада аясында ширекфиналдық кездесуде Латвия командасын (5:2) есебімен жеңген Канада құрамасының капитаны Оливер Хинсе жеңісті ойынға қатысты пікрін білдіріп, жартылайфиналдық қарсыласы жайлы айтып берді.

- Латвиямен біз керемет ойнадық. Екінші кезеңде қарсыласымыз алаңға күшейіп келіп, қырып жібере жаздады. Біз өзіміздің жоспармен жүріп, ақырын-ақырын басымдығымызды айқындадық.- Латвияның жігерлік танытқанына таң қалдыңыз ба? - Латвияның жақсы команда екенін онсыз да жақсы білеміз. Бұл жолы олар аса шындап ойнады. Біз бір-бірімізге арқа сүйеп, олардың әр шабуылын қолдан келгенше тойтарып тастап отырдық. Осының арқасында жеңіске жеттік. - Енді алдағы жартылайфиналда Ресеймен кездесесіздер. Ойын қалай болады деп ойлайсыз? - Бұл енді үлкен ойын болғалы тұр. Орыстармен кездескенге дейін (7 ақпан) жақсылап дайындалу керек. Сосын оларға «мұз қырғынын» жасаймыз. Алматыға біз бірінші орын алу үшін ғана келдік.