Бүгін, 4-ші ақпан, Универсиада аясында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарлама бойынша жарыс өтті.

Қазақстандық Денис Тен еркін бағдарламадан 89,6 (жылпы ұпай саны - 172,06) ұпай алып, Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарының чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қысқа бағдарламадан 94,91 ұпай алып, бірінші жарыс күнінде көш бастаған болатын.