Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында өз айдынында минскілік «Динамоны» жеңді. Кездесу есебі 5:1.

«Барыс» қатарынан Брэндон Боченски мен Кори Тривино екі шайбадан соқса, Кирилл Панюков бір шайбамен көзге түсті.

Астаналық клуб 56 ойыннан соң 84 ұпай жинап шығыс конференциясында бесінші орында келеді.

«Барыс» келесі ойынын ақпанның бесінде 17:00 де өз алаңында «Динамоға» қарсы өткізеді.