Қазақстандық спортшы Татьяна Климчук 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруде жүлделі орынға іліне алмады.

Жерлесеміз 8:01,79 көрсеткішімен тоғызыншы орын алды.

Аталмыш сайыста беларусьтік Марина Зуева топ жарса, жапониялық Нене Сакаи күміс жүлдеге ие болды. Оңтүстік Кореялық Чжун Су Лим үздік үштікті қорытындылады.