«Астананың» велошабандозы Андрей Гривко «Дубай туры» көпкүндігінен шеттетілді.

AFP берген ақпарат бойынша, ұйымдастырушылар оны германиялық Марсель Киттельге шабуыл жасады деп тапқан. Гривко жарыс барысында Киттельдің бетінен ұрған. Жарақатының кесірінен Киттель жеңіс үшін күрес жүргізе алмаған.

«Астана» Киттель мен Quick Step командасынан кешірім сұрап, дисквалификацияға келісті.