Дмитрий өз мансабында бірінші рет Универсиадада жеңіске жетті.

- Өз туған елімде алтын жүлде алғаныма қуаныштымын. Бұл жарысқа өте тыңғылықты дайындалдық. Универсиадада бабымда болуы үшін Әлем кубогының кезеңдерінде өнер көрсеттім. Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме көп алғыс айтамын.

- Шымбұлақтың трассасы ұнады ма?

- Трасса өте ауыр болды, барлық әлемдік стандарттарға сай. Онда сайысқа түсу жеңіл болмады, бірақ қолайлы нәтижеге қол жеткізе алдым.

- 2011-ші Азия ойындарында Табағанда, ал қазір Шымбұлақта өнер көрсеттіңіз. Екі трассаны салыстырып көрсеңіз...

- Біздің трассаларды салыстырғанды ұнатамын. Бәрі стандарттарға сай салынған. Шымбұлақ пен Табағанды алсақ, олардың трассалары бірдей.

- Жақында сіз АҚШ-та әлем кубогының кезеңін жеңдіңіз, қай жеңіс сізге маңыздырақ?

- Екі жеңіс те маңызды. Әлем кубогының кезеңінде екінші рет жеңіске жеттім. Бұл менің кәсіпқой мансабымдағы екінші алтын жүлдем болатын. Ал Универсиадада бірінші рет топ жардым. Екі жыл бұрын күміс медаль иеленген едім. Енді міне көптен күткен алтынға да қол жеткіздім.

- Бұл сіздің бірінші Универсиадаңыз емес. Бізде салынған Атлетикалық ауыл жайлы не айта аласыз?

- Атлетикалық ауыл маған қатты ұнады. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары деңгейде. Менің ойымша, бұл Олимпиада ойындарының деңгейі.

- Келесі Универсиадаға қатысасыз ба?

- Красноярске жете алмайтын сияқтымын. Жасым Универсиадаға жарамайды. Бұл менің соңғы студенттік ойындарым болды.

- Әлем чемпионатында өз алдына қандай мақсат қоясыз?

- Әр спортшы алтын медаль жеңгісі келеді. Сол мақсатына жету үшін дайындалады.

фото Олег Спивак