Бүгін «Медеуде» конькимен жүгіру спорты бойынша кезекті медальдар сарапқа салынды.

Қыздар арасында 3000 метрге жүгіру сайысында еліміздің намысын үш спортшымыз қорғады – Эльвира Халықова, Мария Сизова және Татьяна Климчук.

Өкінішке қарай, үш спортшымыз да жүлдеден тыс қалды. Қазақстандық конькишілердің ішінде жақсы нәтижені Татьяна Климчук көрсетті. Жарыс жолын 4:28:92 уақытта өткен ол жалпы есепте 5-ші сатыға тұрақтады. Ал Сизова 21-ші орыннан көрінді – 4:49:91. Ал Халықова болса, 4:52:40 уақытпен 25-ші орынға табан тіреді.