Алматыда өтіп жатқан Универсиаданың екінші күн қортындысы бойынша Қазақстан екінші орында.

Сайыстың екінші күннің қорытынды нәтижесін Универсиаданың ресми сайты жария етті. Бірінші орында Ресей спортшылары келеді. Олардың қоржынында 17 медаль бар, оның 8-і алтын, 7-еуі күміс, 2 қола. Екінші орында Қазақстан құрамасы. Отандық спортшыларымыздың еншісінде 8 медаль бар. Оның 2-еуі алтын, 2-еуі күміс, 4-еуі қола. Үшінші орында Қытай спортшылары. Көршілердің қоржынында 5 медаль бар. 2 алтын, 1 күміс, 2 қола.
Айта кетейік, бүгін биатлоншы Алина Райкова мен фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек миксті елімізге алтын сыйлады.