Бүгін, 30-ші қаңтар, «Табаған» кешенінде аралас акробатикадан жарыс өтті.

Кеше алтыннан қағылған фристайлшыларымыз бүгін алтын медальды ұтып алды. Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек 167,05 ұпай алып, қарсыластарын қапы қалдырған. Екінші және үшінші орындарды, тиісінше, Қытай 1 және Қытай 2 командалары жеңіп алды.

Фристайл. Аралас акробатика. «Табаған»

1) Қазақстан 2 - 167,05

2) Қытай 1 - 113,02

3) Қытай 2 - 87,77