Универсиадада екінші қоласына қол жеткізген шаңғышы Анна Шевченко Prosports.kz тілшісіне өз әсерімен бөлісті.

- Бүгін жауған қар қаншалықты кедергі келтірді?

- Жарыс жолы бізге таныс болғанына қарамастан, бүгінгі сайыс қиынға соқты. Бәріміз де соңына дейін шыдадық. Сондықтан бәріміз де жеңімпазбыз деп ойлаймын.

- Күміс немесе алтын жүлделерге таласуыңызға не бөгет болды?

- Қарсыластарым. Алтын алған Анна Нечаевская мен екінші орынды еншілеген Лилия Васильева – мықты спортшылар. Соған қарамастан, бар күшімді салдым. Жарыстың басы мен үшін оңай өтті, артынша нәтижем төмендеп қалды. Соңына таман өз қалпы қайта келдім, бірақ қарсыластарымды қуып жетуге уақыт аз болды.