Бүгін, 31-ші қаңтар, биатлоннан әйелдер арасында 15 шақырымға жарыс өтті. Қазақстандық Алина Райкова алтын медальды ұтып алса, Галина Вишневская күміс жүлдені мойнына тақты, деп хабарлайды prosports.kz.

Райкова 59:48.7 нәтижесімен қарсыластарын қапы қалдырды. Галина Вишневская отандасынан +2:21.1 (1:02:09.8) қалып қойып, екінші орынды иеленген. Үшінші орынды украиналық Надя Биелкина (1:02:12.3) алды.

Айта кету керек, алғашқы бестікке қазақстандық төрт спортшы кірген. Жүлдегерлерден бөлек, төртінші орынды Уссанова Дарья алса, бесінші орын Элизавета Белченкоға бұйырды.

Сонымен қатар, қазақстандық Анна Кистанова (1:06:41.4) 10-шы орынға тұрақтаса, Александра Сасина (1:07:32.3) 14-ші орынға жайғасты.