Жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор Макгрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонды «қапшық» деп мазақтап, екеуі де өзімен жекпе-жекке шығуға лайықты емес екенін айтты.

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, 4 наурызда Нурмагомедов пен Фергюсон арасында жекпе-жек өтеді, олар Макгрегордың белбеуіне таласу құқығы үшін кездеседі.

«Мен түсінемін, кәсіптің аты кәсіп. Өзіңе назар аударту үшін дүрлігу туғызу қажет. Анау екі жігіт, уақытша титул үшін таласатын - олар бар болғаны жәй екі қапшық. Мен екеуінді де нокаутқа түсіремін», - деді ирландиялық спортшы журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол, екеуінің де менің белбеуімді тартып аламыз деген ойлары қате екенін айта кетті.