Қазақстандық шаңғышы 5 шақырымға жарыста үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Анна Шевченко 13:51.0 нәтижесін көрсетіп, осы Универсиададағы екінші қола медалін жеңіп алды. Ресейлік Анна Нечаевскаяға Универсиада чемпионы атанса, күміс медаль отандасы Лилия Васильеваға бұйырды.

Естеріңізге сала кетейін, кеше Шевченко 5 шақырымға жекелей жарыста қола жүлдегер атанған болатын.