Бірыңғай ВТБ лигасында «Астана» мәскеулік ЦСКА-дан ұтылып қалды.

Ресей астанасында өткен кездесу 81:63 есебімен аяқталған. Естеріңізге сала кетейін, ЦСКА - Бірыңғай ВТБ лигасының қазіргі чемпионы және Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы.

Бұл «Астананың» тоғызыншы жеңілісі. Айта кету керек, астаналықтар алты рет қана жеңіске жеткен болатын.