«Табаған» спорт кешенінде фристайлдың акробатика түрінен сынға түсетін Универсиада қатысушылары ресми жаттығуы өткізді, деп хабарлайды almaty2017.com. Жаттығудан кейін Қазақстан құрамасының спортшысы Жібек Арапбаева алған әсерімен бөлісті.

«Жарыс жолы өте жақсы. Бірақ, қар көп болса, тіпті жақсы болар еді. Алматыда қазір жылы, сондықтан да осыған шүкіршілік етеміз.

Жалпы жарысқа деген дайындығымыз жақсы. Барлығына көңіліміз толады. Өз елімізде көбірек жаттығуды қалаймыз. Дегенмен, біз көп уақытымызды жаттығу алаңында емес, ұшақтарда өткіземіз. Универсиадада алғашқы үштіктің қатарынан көрінемін деп үміттенемін.

Біздің спорттағы көшбасшы спортшылар әлем кубогының кезеңдеріне қатысу үшін Универсиададан тыс қалды. Көптеген танымал спортшылар біздің елге келгісі келетінін айтқан болатын. Алдағы уақытта олардың да осындай мүмкіндігі болады деп сенемін», - деді Жібек Арапбаева.

Фото almaty2017.com сайтынан