Қазақстандық Александр Меркель өнер көрсететін «Бохум» екінші Бундеслигада жеңіліп қалды.

18-турда «Бохум» «Унион Берлин» клубына қонаққа барып, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Александр Меркель негізгі құрамда шықты, бірақ 81-минутта өз орнын әріптесіне босатты.

Осы матчтан соң «Бохум» 22 ұпай жинап, 11-ші орында қалды.