Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов өзіне жаңа менеджер мен демеуші іздестіріп жүргенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. 10 жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.

Қазіргі таңда, Бақтияр менеджер мен демеушінің жоқ болуына байланысты қиналып жүргенін айтты. Эюбовтың басты мақсаты – әлем чемпионы атану.