Петра Квитова және қаруланған «ұрлықшы».

Уимблдонның екі дүркін жеңімпазы Петра Квитованы үйіне ұры түсіп пышақпен жарақаттады. Қылмыскерлерден атақты спортшыларда толық қанды қорғалмаған. Оған жақында болған Петраның оқиғасы дәлел. 26 жастағы атақты чехиялық теннисшінің Простеевтегі үйіне қарулы ұры түсіп, оны қатты жарақаттаған. Чехиялық басылымдардың айтуынша, қылмыстық әрекет 20 желтоқсан күні таңертең орын алған. Белгісіз қылмыскер Квитованың үйіне кіріп, кенетен үй иесіне тап болған. Сол сәтте ұры қолындағы пышығымен спортшы қызды бірнеше рет сілтеп жарақат жасаған. Пәтерде ақшаны көрген ұрлықшы жігіт олжасын ала қашқан. Шабуыл жайлы тенннисшінің өзі де «Фейсбукте» мәлімдеген:

«Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Сіздер естігендей кеше үйімде маған қарулы шабуыл жасалды, қорғанып жатып сол қолымнан жарақаттандым алдым. Мен қатты шошынып қалдым. Жарақатымнан жазылғанша оңаша жерде боламын. Маған өз қалпыма келу үшін тыныштық пен демалыс керек». Квитованың қалпына келу процессі қанша уақытқы созылатыны белгісіз. Статистика бойынша көптеген спортшылар осындай жағдайлардан кейін спорттағы мансабын аяқтап жатады.
Моника Селеш және мисыз жанкүйер.
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында Югославия мен АҚШ сапында өнер көрсеткен Моника Селеш әлемде теңдесі жоқ теннисші болатын. Сол жылдары Моникаға жалғыз германиялық Штефи Граф бәсеклестік танытқан.1993 жылы 30 сәуір айында Гамбург қаласының Роттенбаум теннис клубы алаңында Citizen Cup турнирінде ширек финалдық кездесуі өткен. Моника Селеш пен болгариялық Магдалены Малеева арасындағы бәсекеде Моника қарсыласын ұтып жатқан. Алайда, геймдар арасындағы үзілісте ересек жігіт Селештің мойынына пышақ тығып алған. Қуанышқа қарай, пышық жарақаты терең болмады, ал қаскүнем сол жерде тұтқындалды.
Ол кейін белгілі болғандай Штефи Графтың жанкүйері Гюнтер Пархе болып шықты. Гюнтер өзін Штефи Графқа әлемде ең мықты теннисші болуына көмектескісі келгенін айтқан. Сот төрелігі Гюнтер Пархені психикалық ауруға шалдыққанын анықтап, міндетті емдеуге жіберді.
Бұл шабуылдан кейін Моника Селеш психолгиялық жрақаты ушығып, үлкен спортқа 2 жыл бойы орала алмады. Сол жылдар 20 жасар теннисшінің мансабы жоғарғам деңгейге көтеріле алмады. 1996 жылы ол Ашық Аусттралия біріншілігін жеңді. Ал 2000 жылы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 2003 жылдан бастап үлкен жарыстарға мүлде шықпай, 2008 жылы мансабын аяқтады.