Ямайкалық желаяқ Усейн Болт 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында эстафета жарысы бойынша жеңіп алған алтын медалінен айырылды. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Эстафеталық жарыста Болттың командаласы болған Неста Картераның қанынан допинг табылды. Сондықтан, Картерамен бір командада жүгірген Болттан бөлек, Асафа Пауэлл мен Майкл Фратер де алтын жүлделерінен айырылды. Олар өз медальдарын қайтарып беруі тиіс.

Енді Усейн Болт Олимпиаданың тоғыз дүркін емес, сегіз чемпионы болып қалды.