Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Джолеон Лескотт «Сандерленд» командасына ауысты.

Клуб пен 34 жасар ойыншы маусым соңына дейін келісімге отырды. Жаңа клубта Лескотт 15-ші номермен ойнайтын болады. Джолеон Лескоттың соңғы командасы грекиялық АЕК болатын. Алайда, аталған клубта өткізген үш айдан соң қорғаушы клубты тастап кетті.

«Сандерленд» командасы 22-ші турдан соң 15 ұпаймен ең соңғы орында келеді.

Джолеон Лескотт бұған дейін АПЛ - да «Вулверхэмптон», «Эвертон», «Манчестер Сити», «Вест Бромвич» және «Астон Вилла» командаларында ойнаған.

Англия ұлттық құрамасында 26 ойын өткізіп бір гол соққан.