Кәсіпқой боксқа шолу жасап, тың ақпараттар жазатын Boxing Legends TV твиттер-аккаунты биыл жазда Геннадий Головкин – Билли Джо Сондерс жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін мәлім етті.

«Билли Джо Сондерстің Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жазда Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда», - деп хабарламада жазылған.

«Сондерс Джейкобс – GGG жұбының жеңімпазымен кездеседі деп хабарлайтын шығар. Бірақ қаржысы, өтетін орны және тағы басқалары келісілді», - делінген.

Егер бұл ақпарат расталса, жекпе-жек Астанада ЭКСПО-2017 аясында өтуі ықтимал.