«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Арсен Венгер «Бернлиге» қарсы өткен матчта тәртіп бұзғаны үшін жазаланады.

Венгер қосымша уақытта алаңнан қуылған. Трибуна астына кетіп бара жатып ол резерв арбитрін итеріп жіберді.
Арсен Венгерге қатысты шешім 26-шы қаңтар күні шығады.