Өткен аптаның соңында Prosports.kz редакциясында өзін Astana Arlans клубының жаттықтырушысы ретінде таныстырған Бейбіт Есжанов есімді бапкер хабарласты.Оның айтуынша, «Арландар» мен «Астана» ПКСК арасында ақша мәселесі үшін түсініспеушілік пайда болды. Көп адамдар жалақысын алмай жүр.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің атына жазылған хат та ұсынылды. Хат жазған адам елбасыдан көмек сұрап, мәселені шешіп беруді өтінеді.

Ақпараттар бойынша, Astana Arlans-тың қызметкерлері 2016 жылы қаңтар мен ақпан айында жалақы алмаған. Astana Arlans директоры Серік Сапиевтің атына АIBA-дан хат келіпті. Ол жерде жазылғандай, WSB-дің 5-ші маусымындағы жеңіс үшін командаға 400 000 доллар тиесілі екен.

Есжановтың айтуынша, қос тарап сотқа дейін жеткен. 2017 жылы 17 қаңтарда Есіл ауданында бірінші тыңдаулар өтті. Екінші тыңдаулар қаңтардың 25-не жоспарлаған.