Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Беларусь чемпионатында өнер көрсетеді.

26 жастағы шабуылшы Солигорск қаласының «Шахтер» командасымен ресми түрде келісімшартқа отырды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Хижниченко қазақстандық «Тобыл», «Шахтер», «Астана», «Восток» және польшалық «Коронада» ойнаған.

Қазақстан құрамасы сапында Сергей 42 матч өткізіп, 8 гол соққан болатын.

Айта кетер жайт, солигорсктык «Шахтер» былтыр Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері атанған.