«Металлисттің» бұрынғы ойыншысы Хуан Мануэль Торрес «пентакампеондардың» сапын толықтырды.

«Чако Торрес «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды», - деп жазды әлеуметтік желіде Торрестің агенті Максим Карагодин.

31 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы бұған дейін аргентиналық «Расинг Клаб», «Атлетико Сан-Лоренсо де Альмагро», «Чако Фор Эвер», «Чакарита Хуниорс» және украиналық «Металлистте» өнер көрсетті.