Швейцариялық теннисші Стэн Вавринка Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында жанкүйердің қатесін дұрыстап, трибунаны күлдірді.

Италиялық Андреас Сеппиге қарсы кездесуді қызық оқиға болды. Жанкүйерлердің бірі Стэн Вавринкаға «Алға, Роджер!» (Роджер Федерер – Авт.) деп айқайлады. Швейцариялық теннисші де қарап қалған жоқ: «Ол мұнда емес, Род Лэйвер аренасында!» деп жауап қатты.

Айта кетейік, Вавринка бұл кездесуде 7:6, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Енді ширек финалда француз Жо-Вилфрид Цонгамен кездеседі.