Алматылық «Қайраттың» ақпандағы бір қарсыласы белгілі болды.

Болгариялық БАҚ-тың хабарлауынша, пловдивтік «Локомотивтің» қарсыласы өзгерді. Команда «Милсамиге» қарсы ойынмен жиынды аяқтағысы келген. Бірақ молдавалық команданың орнына алматылық «Қайратпен» күш сынасады.

Матч 8 ақпанда өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, «Локомотив» «Қайратқа» дейін қазақстандық тағы бір ұжым «Қайсармен» кездеседі. Ойын 26 қаңтарда өтеді.