FirstClassBoxing.com журналисі Джейк Коллинс америкалық Дэниэл Джейкобсқа қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте қалай өнер көрсету керектігін мәлім етті.

«Джейкобс Головкинді 12 раундта ұта алмайды. Бір қауіпті тактика бар, бірақ бұл жалғыз мүмкіндік. Бұған дейін Энди Ли ұсынғандай, Джейкобсқа 3-4 раундтық жекпе-жекке жаттығу керек. Алғашқы раундтарда ғана Головкинді жеңе алады. Әдетте Геннадий жекпе-жекті баяу бастап, атлетизм мен корпус бойынша жұмыстарын пайдаланады. Бір қиыны, оның қарымта шабуылдары мықты – ол Мартин Мюррей секілді мығым боксшыларды да жұдырыққа алды», - деп жазды Коллинс.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.