Қазақстанда туған неміс боксшысы Андреас Майер (6-0, 5) кәсіпқой бокста алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Ұлыбританияның Ланкашир қаласында жергілікті Атиф Шафикпен (16-2, 4) болған кездесу 30-ақ секундқа созылды. Британиялық алған ауыр соққыдан соң орнынан көтеріле алғанымен төреші кездесуді жалғастырмау туралы шешім қабылдап, жеңісті Андреас Майерге берді.

Андреас Майерге Қазақстанда, дәлірек айтқанда Талдығорғанда туған. Кейіннен Германияға қоныс аударған. Қәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 31 жасында өткізген. Сондай-ақ Андреаста бапкерлік лицензиясы бар. Ол бапкерлік пен боксшылықты қатар алып жүруде.