Африка ұлттары кубогының топтық кезеңінде Гана құрамасы Малиді ұтты.

Осы ойыннан кейін Гана құрамасы D тобында алты ұпаймен жеке дара көш бастады. Малидің еншісінде бір ұпай бар.

Африка ұлттары кубогы. D тобы, 2-ші тур. Гана - Мали - 1:0 (1:0). Гол: Гьян, 21 (1:0).