Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы британиялық Дэвид Хэй мансабын аяқтауы жайлы жанкүйерлеріне мәлімдеді.

Хэй келесі кездесуін Лондонда Тони Белльюға қарсы өткізеді.
«Мен өзімді жақсы сезінудемін. Мен қазір бабымдамын! Оны 4-күні Лондонда дәлелдеп беремін. Қазір менің жекпе--жектерімді көріп алыңыздар, себебі бір жарым не екі жылда мансабымды аяқтаймын», — деді Хэй «Инстаграмында».