Түркия мемлекетінде ОЖЖ-ын өткізіп жатқан «Ақтөбе» клубына тағы бір бразилиялық футболшы - Жуниньо қосылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Эванилдо Борхес Барбоза Жуниор лақап аты Жуниньо. Алаңдағы амплуасы - қорғаушы.
Айта кетейік, Эванилдоның соңғы клубы «Фигейренсе» болған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ақтөбелік клубқа Диас Морейра Кассиано мен Витор Жуниор келген болатын.