WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) кездесуінде түсірілген бейресми сәттердің видеосы пайда болды. Бұл туралы Тengrinews.kz жазды.

Айта кетейік, боксшылар наурыз айында өтетін жекпе-жекке орай Нью-Йоркке барып, сондағы көшелердің бірінде фотосессия ұйымдастырған еді.

Сондай-ақ, Головкин мен Джейкобс Madison Square Garden аренасында өткен NBA матчының құрметті қонақтары атанды. Сол сәтте алда өтетін жекпе-жекті белгілі ринг-анонсер Майкл Баффер таныстырды.