«Баварияның» капитаны Филипп Лам биылғы маусымнан кейін мансабын аяқтайды.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, 33 жастағы германиялық футболшы келесі маусымнан бастап мюнхендік клубтың спорт директоры қызметін атқарады.

Естеріңізге сала кетсек, Лам - «Бавария» футбол мектебінің түлегі. 2002-ші жылдан бері Лам мюнхендік клубтың намысын қорғап келеді.

Айта кетер жайт, тағы бір «Баварияның» ойыншысы Хаби Алонсо үлкен спорттан кететінін айтты.