Бүгін, 18-ші қаңтарда, футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан Гранаткин мемориалының жартылай финалында Грекия құрамасына қарсы ойын өткізеді.Букмекерлік кеңселердің болжамы бойынша, грекиялық аяқдопшылар бұл ойында анық фаворит ретінде қарастырылған. Олардың жеңісіне 1,83 коэффициент берілді. Ал, қазақстандық жасөспірімдердің жеңісіне 4,9 коэффициенті белгіленген. Ойын тең нәтижемен аяқталады дегенге 3,3 коэффициенті қойылыпты.

Естеріңізге сала кетейін, матч Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.