Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында жоспарланып отырған бокс кешіне қатысты жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Барлығы бекітіліп қойды. Жақын арада келіссөздің соңғы сатысын жүргізу үшін Мексикаға ұшуды жоспарлап отырмыз. Конвенцияның қаржылық құрамын талқылап, бірнеше сұрақ бойынша шешім шығару керекпіз. Ел үшін атаулы шараға чемпиондардың келгенін қалаймыз. Олар Қазақстанға келе ме, жоқ па белгісіз. Шара аясында өтетін бокс кешіне келер болсақ, келіссөздер жүріп жатыр. Головинның командасы Астанаға келуді жоспарлап отыр. Матчқа қатысатын болса, қала басшылығы мен спорт комитетінің қолдауы қажет болады. Себебі бүл үшін үлкен қаражат керек», - деді Виктор Демьяненко.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде Астанада Геннадий Головкин, Қанат Ислам мен Жанқош Тұраровтың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкіндігі жайлы ақпарат шыққан болатын.