Әлемнің бұрынғы чемпионы Карл Фрочтің ойынша, Сауль Альварес Геннадий Головкинге қиындық тудыруы мүмкін, бірақ жеңіске қазақстандық боксшы жетеді.

«Бұл Головкин үшін тамаша сынақ болмақ, ал сынақтар Геннадийде көп емес. Канело рингке өте үлкен болып шығады, көп салмақ жинап алады. Бірақ Канело табиғатынан бірінші орта салмақ боксшысы. Головкиннің соққысы жойқын және ол орта салмақта үстемдік құрып тұр, сондықтан Альварестің шамасы жетпейді.

Альварес Головкинді қажетті уақытта ұстап ала алады. Геннадий 35-ке жақындап қалды, соққылар жіберіп жүр. Кез келген боксшыны жойқын соққымен ұстап алуға болады. Егер Альварес жекпе-жектің басында Головкинді сондай соққымен ұстап алса, Геннадий үшін қиын болады. Бірақ Головкин жеңіске жетеді деп ойлаймын», - деді Фроч.