Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Гранаткин Мемориалының ширек финалында Словениядан басым түсті.

Ойын 2:0 есебімен аяқталды. Александр Кузнецов шәкірттері қос таймда бір голдан соғып шықты. Алдымен Жанәлі Пайруз гол салса, артынша Айдос Орал пенальтиден көзге түсті.

18 қаңтарда қазақстандықтар жартылай финалда Грекия құрамасымен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 19:30-да басталады.